Мәжілісте кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қаржының тиімді жұмсалуы қаралады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысы қаралады. Сондай-ақ бірнеше заң жұмысқа алынып, креативті индустрия туралы құжат екінші оқылымда талқыланбақ.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Ең өзекті сұрақ аудиторлық палатаның есебі болмақ. Себебі соңғы жылдары бизнесті қолдау үшін миллиардтаған бюджет қаражаты бөлініп келеді: субсидия, жеңілдетілген несие, кепілдендіру, гранттар. Ал аудит осы қаржының барлығы нақты кәсіпкерге бірдей жетіп жатыр ма, әлде қағаз жүзінде қалып отыр ма деген сұраққа жауап береді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қолдау тетіктерінің қайталануы, көрсеткіштердің формалды орындалуы, шағын бизнестің емес, ірі компаниялардың басымдыққа ие болуы секілді жүйелі мәселелер болуы мүмкін. Яғни, басты проблема – бөлінген қаржы көлемінде емес, оның тиімділігі мен әділ бөлінуінде. Аудиторлық палата арнайы зерттеу жүргізген. Қазір Әлихан Смайылов олқылықтардың барлығын депутаттардың алдында жайып салады. Бұдан бөлек, енді еліміздегі омарталардың жұмысы заңмен реттеледі. Жаңа ғана Мәжіліс құжатты жұмысқа алды. Сондай-ақ баламалы энергия көздері туралы заң жобасы депутаттардың талқысына түсетін болды. Ал креативті индустрия туралы заң екінші оқылымда қаралып, мақұлданып жатса, Сенаттың қарауына жіберіледі.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кеші өтті
24.12.2025, 13:12
Президенттік оркестр плац-концерт ұйымдастырды
24.12.2025, 13:11
АҚШ-тағы қазақтардың бірлігін арттырған қауымдастық
24.12.2025, 13:09
БҚО-да қар үстіне асфальт төсеген мердігерді сотқа берді
24.12.2025, 13:07
Жамбыл облысында 9 мың адам жеке кәсіпкер атанды
24.12.2025, 13:06
Бизнеске арналған жаңа бірыңғай платформа ашылуы мүмкін
24.12.2025, 13:04
Тауар өндірушілерге арналған реестр іске қосылады
24.12.2025, 13:02
Президент өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралады
24.12.2025, 13:01