«Qazaqstan» телеарнасы жаңа жылда көрерменге естен кетпес кеш сыйламақ
Ұлттық арна дәстүрге айналған жаңа жылдық мерекелік бағдарламасын биыл да көрерменге тарту етпек.
«Жақсылықпен кел, жаңа жыл!» мерекелік кешінің түсіріліміне көрермен көзайымына айналған өнер қайраткерлері, әншілер, актерлар мен Ұлттық арнаның тележүргізушілері қатысты. Олар халыққа көңілді кеш, қайталанбас ерекше концерттік бағдарлама ұсынбақ. Түсірілім алаңында жылдағыдай дайындық қызу жүрді. Режиссерлер мен операторлар әр детальді жіті бақылап жүр. Бұл кештің ерекшелігі – жаңа жылға үміт пен сенім сыйлайтын жылы атмосферасында. Әр әуен көрерменнің жүрегіне жол тауып, мерекелік көңіл-күйді еселей түспек. Сахна төрінде шырқалатын әндер мен әзіл-қалжыңға толы көріністер халықты бір сәтке болса да күнделікті күйбеңнен алыстатып, жаңа жылды жақсы тілекпен қарсы алуға жетелейді.
Шынар Жанысбекова, Қазақстанның Халық әртісі:
Ұлттық арна жыл сайын жаңа жыл кешінде көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлайды. Биыл да өте ерекше болайын деп тұр. Хит әндер, тосын сыйлар өте көп болады. Қызықты оқиғалардың әзірге құпиясын ашпаймыз. Сондықтан құрметті достар, 31 желтоқсан күні Ұлттық арна қосулы болсын!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы