Басты Жаңалықтар «Құрық-Жетібай» автожолының құрылысы аяқталды

«Құрық-Жетібай» автожолының құрылысы аяқталды

Маңғыстауда «Құрық-Жетібай» автожолын күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Соның арқасында Құрық портына баратын жүк көліктері 120 шақырымды үнемдеп, тіке қатынап жатыр. Қарақия ауданының қос елді мекенін жалғайтын республикалық маңызды жол жергілікті халыққа да тиімді болған.

«Құрық-Жетібай» тас жолының құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталды. Алдымен 24 шақырымы ғана жасалып, қалған 40 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жуырда аяқталды. Нәтижесінде екі ауылдың арасында қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданды.

Ержан Бекниязов, Құрық ауылының тұрғыны:

Атаулы әлеуметтік көмек, халыққа қажетті құжаттардың бәрін ауданға әкелу үшін қатынас қиын болатын. Себебі, Өзеннен шығады да Ақтауға барады. Ақтаудан Құрыққа қарай келетін. Қазір енді Жетібай мен Құрықтың жолы салынды. Ол халыққа өте ыңғайлы.

Құдайберген Төребаев, Жетібай ауылының тұрғыны:

Қотыр жол болды, оқуға да кешігіп келетін едім. Бір күн бұрын келетін едім. Сөйтіп, асфальт төселгеннен кейін қазір автобус қатынайды. Қазір оқуыма да үлгеремін. Ауылға да барамын. 

Жоба құрылысына республикалық бюджеттен 11,5 млрд теңге жұмсалған. Автожолдың жиегі жарықтандырылып, жаяу жүргіншілер жолағы мен теміржол өткелі салынды. Сонымен қатар төрт түліктің жолға шықпауы үшін 27 шақырым аумаққа қоршау қойылған. Ал жол жабындысы 13 тоннаға дейінгі жүк тасымалына шыдас береді. 

Қазбек Мамбетов, «Қазавтожол» ҰК» облыстық филиалының директоры:

Біздің аймақтан шығатын үлкен жолдардың біреуі. Күре тамыры. Басқа облыстарға шығып кететін осы жол. Порттан Әзербайжан болсын. Түркіменстаннан келген жүктерді тасымалдауға өзінің себебін тигізеді. Айналма жолы бар. Ауылдың ішімен өтпей, жүк көліктерінің айналып өтуіне ықпал етеді.

«Құрық-Жетібай» автожолы халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі. Өзбекстан мен Ресейден келетін транзиттік жүктер осы жолмен Құрық портына жеткізіледі. Одан әрі Әзербайжан арқылы Еуропаға тасымалданып жатыр.


Бөлісу