Басты Жаңалықтар «Жыл адамы»: Қазақстандықтардың таңдауы — Қ.Тоқаев пен Димаш

«Жыл адамы»: Қазақстандықтардың таңдауы — Қ.Тоқаев пен Димаш

Биыл қазақстандар «Жыл адамы» деп кімдерді таңдады? Ал халық бір жыл бойы жиі қолданған сөздер қандай? Ұлттық талдау орталығы зерттеу жүргізіп, жылдың жетістіктерін саралады.

Темірлан Нұржанұлы, тілші:

Ұлттық талдау орталығы жасаған зерттеулердің нәтижесі 2025 жылғы елдің басты тұлғаларына, мәдени жетістіктеріне арналған. Биыл «Жыл адамы кім?» - деген сауалға берілген жауап бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастап тұр. Чемпиондар лигасына алғаш рет шыққан «Қайрат» футбол клубының ойыншыларын да халық «Жыл адамы» деп есептепті. Әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин мен атақты әнші Димаш Құдайбергенов те осы тізімде. Айтпақшы, Димашты халық жылдың үздік әншісі ретінде де көреді. Бұл қатарда эстрада әншісі Қайрат Нұртас та бар. Тізімге, сондай-ақ жас буын өкілдері Sadraddin, Alem, Yenlik және Ninety One тобының мүшелері енген.
Биыл «Цифрландыру» мен «жасанды интеллект» деген сөздерді жиі қолданып, әдеттегідеген жиі естідік. Азаматтардың сауалнамаға берген жауабында елдің технологиялық жетістіктеріне аса мән бергені көрінеді.  
Орталықтың талдауына сенсек, қазақстандықтардың басым көпшілігі, яғни 89 пайызы жаңа жылды үйде қарсы алғанды жөн көреді екен. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандар келер жылдан өзгерістер мен жетістіктер күтетінін айтқан.
Бөлісу