Басты Жаңалықтар Қазақтар әлемдік ірі компанияларда басшылық қызмет атқарып жүр

Қазақтар әлемдік ірі компанияларда басшылық қызмет атқарып жүр

Қазақтың азаматтары әлемдік ірі компанияларда басшылық қызмет атқарып жүр. Мәселен, Schlumberger сияқты мұнай саласында қызмет көрсететін алпауыт компанияның департаментін басқаратын жерлестеріміз бар. Олардың көбі – АҚШ-тың Хьюстон штатында жұмыс істеп жатыр. Сол жақтағы меншікті тілшіміз үлкен жетістікке жетіп жатқан жерлестерімізбен сұхбаттасып қайтты.
Асхат Тұрлыбаев Жамбыл облысы, Мерікінің тумасы. Хьюстонға келгеніне үш жылдан асқан. 100 жылдық тарихы бар Schlumberger компаниясында 23 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Негізгі бағыт-мұнай-газ саласына арналған жаңа технологияларды шығару. Асхат Орта Азиядағы елдердегі жобаларға жауапты.
Асхат Тұрлыбаев, Schlumberger компаниясының қызметкері:

Мақсат сол болды. Жинаған тәжірибеңді, опытыңды өз еліңе қолдану. Жергілікті профессионалдарды дамыту. Жас оқу бітіріп жатқан балаларды алып, оларға жақсы бастама беру дегендей.
Кей мәліметтер бойынша, Техас штатында 5 мыңнан аса қазақ бар екен.Солардың бірі Нұртас Мұқашев.Америкаға келгеніне 7 жыл болды. Бұған дейін Автралия, Сауд арабиясы сияқты елдерде жұмыс істеген. Қазір қанатының астында он мың адам қызмет ететін компанида дұниежүзілік операцияларға жауапты бөлімнің басшысы. Қарамсағында 200-ге тарта адам бар.
Нұртас Мұқашев, Onesubsea компаниясының қызметкері:
Талай елдерді аралап жүрміз ғой, австралия болсын, Араб елдерінде болсын өзіміздің бауырлардың ешқашан бір ұялтатын жағдайға әкелгенін естімеппін, шынын айтатйын. Біздің ұл-қыздар келіп, қызметін жақсы атқарып, өздерін жақсы көрсетіп жүргенін әрқашан естіп жүрмін. Қуаныштымын. Бұл шек емес, бұдан әрі қарай да бару керек. Бұдан да үлкен-үлкен проекттер бар.
Нұртас жұмыс істейтін компания терең теңіздердегі мұнайды шығаруға арналған құрылғыларды жасайды. Қазір жұмыс барысы толығымен жаңа технологияларға бағытталған дейді ол. Ең қуантарлығы осы салада ьбілімдщі әрі білікті қазақ жастары көбейіп жатыр екен.

Бөлісу