Басты Жаңалықтар Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері марапатталды

Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері марапатталды

Премьер-министр Президент атынан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік наградалар табыстады. Жарыс 15-26 қараша аралығында Токио қаласында өтті. Олжас Бектенов спортшыларды қолдау Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, Ұлттық құрамаға, оның мамандары мен бапкерлер құрамына жеңіске жету жолында табандылық пен ерік-жігердің үлгісін көрсеткен үйлесімді және нәтижелі жұмыстары үшін алғыс білдірді. Сурдлимпиада ойындарына 81 мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар сегіз спорт түрінен ел намысын қорғап, 8 алтын, 4 күміс және 13 қола – барлығы 25 медаль жеңіп алды. Нәтижесінде ұлттық құрама жалпы командалық есепте 9-шы орынды иеленді.
Шадияр Қуандық, Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы:

Осындай жеңісімізді құттықтап, Мемлекет басшысының құрмет орденімен марапатталып жатырмыз міне, Астана төрінде қуаныштымыз.

Бөлісу