Талды ауылының жолы күрделі жөндеуді қажет етеді
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Талды ауылының жолы күрделі жөндеуді қажет етеді. 5 жыл бұрын мұнда бюджеттен 800 миллион теңге бөлініп, асфальт төселген. Алайда оның сапасы сын көтермеді.
Бүгінде Талды ауылына қарасты 4 елді мекенді қосқанда 2 мыңдай тұрғын бар. Барлығы қалаға жету үшін осы 45 шақырым жолды пайдаланады. Осыдан 5 жыл бұрын салынған жолдың бір жылда тас-талқаны шыққан. Ұлттық сапа орталығының мәліметінше, асфальт асты қабаты нығыздалмай, суық күйінде салынған. Сол үшін жергілікті билік мердігерді сотқа берген.
Ауылдың кісілеріне обал ғой. Жол тесік-тесік. Топырақпен бітейді. Сапасы да жоқ.Ал 2024 жылы жұмыс қайта басталып, биыл аяқталуы тиіс еді. Жобаға 500 миллион теңге қаржы да қарастырылған. Бірақ бұл жолы да техникалық талап орындалмай жұмыс тұралап тұр. Жобалық сметалық құжат бойынша енді мұнда қос қабатты асфальт төселмек. Жұмыс келер жылы қайта жаңданып, кезең-кезеңімен жүзеге асады. Әзірге ауыр жүк көліктеріне қатынауға шектеу қойылды.
Жолымыз быт-шыт. Неше жыл болды! Қаншама көлік кетті.
Абылай Ысқақов, аудандық ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Келесі жылы ауа райы жақсарғаннан кейін жұмыстарды бастаймыз. Облыстағы басшылыққа ескерттік. Олар қаражатты бюджеттік жоспарлау кезінде қарастыратынын айтты.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06