Балқаштағы медициналық мекемелерді жаңғыртуға 7,5 миллиард теңге бөлінді
Қарағанды облысында медицинаны дамытуға 7,5 млрд теңге бөлінді. Қайтарылған активтер есебінен аймақтағы үш маңызды жоба іске асырылмақ. Мәселен, Қарағандыдағы жаңа онкологиялық орталықтың операциялық-реанимациялық блогын заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 6,2 млрд теңге бөлінді. Қазір нысанның 70%-ы дайын. Сондай-ақ Балқаш қаласындағы Көпбейінді аурухананың бас корпусына жапсарлас ғимарат салынып жатыр. Оған арнаулы мемлекеттік қордан 1 млрд теңге бөлінді. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұл инфаркт пен инсульт кезінде шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Балқашта ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бұрынғы санаторий ғимараты 272,1 млн теңгеге қайта жабдықталуда. Енді балалар облыс орталығына бармай-ақ өз қаласындағы оңалту орталығында емделе алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы