Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барды деп хабарлады Ақорда. Онда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, сосын ТМД басшыларының ресми емес жиыны жоспарланған. Экономикалық кеңес отырысы қазір өтіп жатыр - Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханада.
Екінші дүниежүзілік соғысты күйреп аяқтаған Жапонияның айналдырған 15-20 жылда, 1950 жылдардың ортасынан 1970 жылдарға дейін экономикалық ғажайып жасағанын бәріміз білеміз.
Соғыста масқарасы шығып, жеңілген елдің аз-ақ уақытта әлемдегі мықты мемлекеттердің біріне айналғаны рухтың, қабілеттің, еңбектің арқасында, әрине. Өкімет, бизнес, халық бірге жұмылған. Сенген. Мақсатқа. Бір-біріне.
Осы аптада Қ.Тоқаев Токиоға барып келді. Император Нарухито қабылдады. Премьер-министрі Санаэ Такаитимен келіссөздер жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы сапары Император Нарухитоның ресми қабылдауынан басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығына тәнті екенін жеткізсе, Император Нарухито бұл сапар екі ел арасындағы елеулі оқиға ретінде қалатынын айтты. Жапон басылымдарына зер салсақ, кездесуде тараптар су мәселесіне де тоқталған. Императордың бұл тақырыпты қозғағаны да бекер емес. Өйткені Нарухито осы бағытта Оксфордта білім алған әрі су мәселесіне қатысты жаһандық проблемаларды көтеріп, бірнеше мақала жазған. Император, әсіресе, Қазақстандағы былтыр болған су тасқынына алаңдаушылығын білдірген.
Императордың ілтипат білдіріп, президенттерді қабылдауы өте сирек жағдай екенін жапон медиасы да жазған.
Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болған секілді. Екі ел 3,7 млрд доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойған. Оның ішінде энергетика және атом өнеркәсібі, көлік пен логистика, металлургия мен геологиялық барлау салаларына қатысты бірқатар жобалар бар. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, Жапония инвестицияны қысқа уақытқа емес, керісінше ұзақ мерзімге, тұрақты түрде салуды ұстанатын мемлекет. Сондықтан бұл кездесу Қазақстанның ішкі өндірісіне, өнеркәсіп пен инфрақұрылымның дамуына септігін тигізеді. Бүгінге дейін күншығыстық кәсіпкерлер 8,5 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған. Елде 50-ден астам жапондық компания жұмыс істейді. Екі елдің шекарасы шектесіп жатпаса да, алыс-беріс көлемі азайған жоқ. Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы