«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық төрелік орталығы жұмысты оңтайландыру үшін нейрожеліні кеңінен қолдана бастады. Бұл туралы Лондонда жылды қорытындылауға арналған салтанатты қабылдауда айтылды. Ағылшын жалпы құқық қағидаттары негізінде іс жүргізетін мекеме Қазақстан мен Қытайдың жетекші университеттерімен бірлесіп, «Legal Tech Lab» жүйесін іске қосып отыр. Еуразияда теңдесі жоқ жоба заңгерлерге құжаттар мен дәлелдеме материалдарды жылдамырақ әрі дәл дайындау үшін көмектеседі. Сондай-ақ әлемде тұңғыш рет сөйлеушінің сөзін нақты уақыт режимінде экранға ағылшын және орыс тілінде субтитрмен шығарып беретін технология да пайдаланылуда.
Кристофер Кэмпбелл–ХОЛТ, АХҚО соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы:
Қазақстанның еуразиялық нарықтар үшін орталық инвестициялық хаб ретіндегі тартымдылығын арттырып жатырмыз. Қытайдағы және өңірдің басқа бөліктеріндегі негізгі ойыншылармен серіктесті кеңейтудеміз.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25