Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға онлайн-платформаларға тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін
Қазақстанда 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салудың жолдары зерттеліп жатыр. Баланың жасын анықтаудың нақты техникалық тетіктері мен верификациялау әдістері қоғамдық талқылаудан кейін бекітіледі.
Айжан Иманғали, тілші:
Қазақстанда енді 16 жасқа толмаған азаматтардың онлайн-платформаларда тіркелуіне шектеу қойылады. Нақты қай платформаларға шектеу бар, қайсысына рұқсат? Тарқатып айтып берейін. Министрліктің түсіндіруінше, шектеу тек әлеуметтік желілерге қатысты. Атап айтқанда - TikTok, Instagram, Facebook, Threads, Х - бұрынғы атауы Твиттер және Вконтакте желілеріне тыйым салынады. Ал WhatsApp және Telegram сияқты мессенджерлер жасөспірімдер үшін қолжетімді болады. Алайда Roblox пен Minecraft сияқты онлайн-ойындарды бұғаттау жоспарда жоқ. Өйткені бұл ойындар «әлеуметтік желі» санатына жатпайды деп түсіндірді министрлік. Қазіргі уақытта заңдағы шектеу ашық порталда жарияланып, көпшіліктің талқылауына ұсынылды. Заң тек мақұлданған жағдайда ғана күшіне енеді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04