Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
Ақтөбелік экологтар оқушылармен кездесті. «Таза Қазақстан - ортақ жауапкершілік» деп аталған форумға өңірдегі ірі компаниялардың өкілдері де арнайы келген.
Жиналғандар қоршаған ортаны одан әрі қалай жақсартуға болады деген тақырыпта ой бөлісті. Оқушылардың озық идеяларын жүзеге асыру жолдары талқыланды. Тұрмыстық қалдықтардан жасалған бұйымдар көрмесі де ерекше қызығушылық тудырды. Мамандар оқушылар дайындаған «Эко қала» жобасын іс жүзінде жүзеге асыруға болатынын ерекше атап өтті.
Жасұлан Жанайдаров, мектеп директоры:
«Таза Қазақстан» акциясына қатысудан басқа балалар республикалық байқауларға да қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Сонымен қатар іште «Эко әлем» қозғалысы іске асырылады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04