Көлік және логистика саласының үздіктері анықталды
Көлік және логистика саласының үздіктері анықталды. Халықаралық деңгейдегі байқауға ТМД, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің компанияларынан 100-ден астам өтінім түскен. Үздіктер 21 бағыт бойынша анықталды. Іріктеу барысында авиация, теміржол және автомобиль көлігінен бастап, терминалдар мен көлік-логистика орталықтарының қызметіне дейінгі барлық негізгі бағыт қамтылды. Ұйымдастырушылар бұл Еуразияның көлік жүйесін тұрақты дамытуға бағытталған стратегиялық алаң дейді. Байқау – кәсіби ортада «Еуразияның көлік саласындағы Оскары» деп те танылған. Биылғы премияда жасыл логистика мен қоршаған ортаны қорғауға, сала ардагерлерінің тәжірибесі мен жастардың жаңашыл бастамаларына басымдық берілді. Көлік дәліздерін толықтай цифрлық жүйеге көшіру де басты критерийлердің бірі болды.
Светлана Елеева, «Magistral Awards – 2025» сыйлығының иегері:
Мен осы салада 35 жыл еңбек етемін. Әр жылдары азаматтық авиация, көлік саласында жұмыс істедім. Еуразиялық экономикалық комиссия мүшесімін. Сондықтан логистика менің өмірімнің бір бөлігі. Әрі еңбегімнің еленіп жатқанына қуанамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы