ҚХА елордалық ерекше балаларды қуантты
Елордалық ерекше балалар қуанышқа кенелді. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі жаңажылдық қайырымдылық шыршасын өткізді. Шара желтоқсанның соңына дейін жалғасады. Жоспар бойынша 400 бала қамтылмақ. Ұйымдастырушылар алдын ала балаларға «Аяз атаға» хат жаздырып, олардың тілегін білген. Соның негізінде демеушілер балдырғандардың шағын арманын орындапты. Ертеңгілікке келген кішкентай қонақтарға сахналық қойылым көрсетіліп, Аяз ата-Ақшақармен қызықты ойындар ұйымдастырды. Ал шараға келе алмайтын балаларға инватакси қызметі арқылы сыйлықтары жеткізіледі.
Наргизам Махмудова, қалалық ҚХА төрайымының орынбасары:
Бұл жерде тек достық мақсатында Қазақстан ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын мемлекеттерде тұратын, сол жақта қызмет етіп жатқан, сол жақта оқып жатқан кейбір жерлестеріміз де өздерінің сыйлықтарын жіберді. Әрине, мұның арқасында қаншама адамның еңбегі жатыр. Бәрінің арманы, ойы – кішкене болса да бір баланы қуанту.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13