Ақтөбе облысында өрт сөндіру бекеті ашылды
Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының Терісаққан елді мекенінде өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл еліміз бойынша ауылдық жерден ашылған осындай 110-нысан. Жұмысқа 7 маман қабылданды. Оларға өрт сөндіру техникалары мен қажетті құрал-саймандар табысталды. Бекеттің ашылуына Төтенше жағдайлар министрлігі, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен облыс әкімдігінің өкілдері арнайы келді. Жаңа ғимаратты жергілікті кәсіпкер өз қаржысына салып берді. Мекеме қажетті техникалармен толықтай жабдықталды. Өрт сөндірушілердің бос уақыттарын тиімді өткізуіне және демалуларына да жағдай жасалған. Нысан өңірдің өртке қарсы қорғаныс жүйесіне енгізіледі.
Айбат Жаңабергенов, облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы негізінде Терісаққан өрт сөндіру пункті ашылып отыр. Аталған пункт үш елді мекенді, 1815 астам тұрғындарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етеді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16