Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты
Жалақысы мен еңбек шарттарына көңілі толмаған Англия дәрігерлері ереуілге шықты. Елде тұмау өршігеніне қарамастан олар 5 күн бойы аурухананың табалдырығын аттап баспаймыз, деп отыр.Үкімет пен ақ халаттылардың кәсіподағы арасындағы даудың жуық арада бітетін түрі жоқ. Негізінен кіші санаттағы дәрігерлер наразы. Олар айлығымыз шайлығымызға жетпейді, деп шағымданады. Дәрігерлердің мүддесін қорғайтын Британ медицина қауымдастығы жалақыны 29 пайызға өсіруді сұрап отыр. Биліктегілер олардың талаптарын қанағаттандыра алмаймыз, дейді. Қазір Англияны тұмаудың қауіпті штамы кезіп жүр. Ауруханаларға тәулігіне орта есеппен 2 жарым мыңнан аса адам түсіп, науқастардың саны 50 пайызға артқан. Бірақ ақ халаттылар айтқанынан қайтқысы жоқ.
Джек Флетчер, Кәсіподақ ұйымының өкілі:
Біз еліміздің дәрігерлерін дәріптеуіміз керек. Өткен жылы біраз қызметкеріміздің мамандықтан кеткенін көрдік. Бұл соңғы он жылда болмаған жағдай.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы