БҚО-ның екі ауданында төтенше жағдай жарияланды
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы мен Қазталов ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осыдан үш күн бұрын ақтүтек боран соғып, Сайхында су мұнарасы құлап, электр желісі үзілген. 5 тұрғын үй мен 4 әлеуметтік нысанның шатыры ұшып кетті. Сондай-ақ Орал қаласының кей бөлігі мен өңірдегі 63 ауылда электр желісі үзілді. Жалпы шығыны - 114 млн теңге. Бүлінген нысандар қалпына келтіріліп жатыр. Боранды күні адасып кеткен 4 адамның мәйіті табылды.
Бейімбет Мусин, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Салдарын жою үшін «Батыс Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» 24 авариялық бригада, яғни 119 адамды қамтыды. 114 млн теңге қаражат жұмсалды. Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында екі қабатты тұрғын үйдің шатыры және ауылдық әкімдіктің шатыры ұшқан болатын. Қазір аудан әкімдігі дефектілік акт жасап, смета жасалып жатыр.
Ал Ұлытау облысының Қаражал қаласында жағдай тұрақталды. Қатты желдің кесірінен тұтас қала жарықсыз қалған еді. Әлеуметтік нысандар қазір қалыпты жұмыс істеп тұр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17