Ұлытау облысының Қаражал қаласы жарықсыз қалды
Ұлытау облысы Қаражал қаласының тұрғындары тәулік бойы жарықсыз отыр. Қатты желдің кесірінен тоқ желілері үзіліп, шаһардағы 385 ғимарат жарықсыз қалған. Оның бесеуі әлеуметтік нысандар. Электр қуатының жоқтығынан жылу жүйесі де істен шыққан. Облыс әкімдігінің айтуынша, қаладағы электр желілеріне жауапты компания жарықты қалпына келтіруден бас тартқан. Себебі компанияның не қызметкері, не арнайы құрылғысы болмаған. Сол үшін де жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып жатыр. Жауаптылар алдағы бірнеше сағатта электр энергиясы қосылады деп сендірді.
Ұлантай Үсенов, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары:
Негізгі себеп электр желілеріндегі ауа райына байланысты ақаулар. Қазіргі таңда жарық қаланың жартысына берілді. Жедел штаб құрылып, сол жерге Жәйремнен, Жаңаарқадан, Жезқазғаннан мамандар жұмылдырылып жөндеуге байланысты шаралар қолдануда.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25