Бет-әлпетін тұмшалаған азаматтар жауапкершілікке тартылады
Енді бет-жүзін жасырған азаматтар жауапкершілікке тартылады. Сенат құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңды екі оқылымда мақұлдады. Әуелі ескерту жасалады. Ол еленбесе, 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал медициналық маска таққандарға, денсаулық жағдайына байланысты қорғау үшін бетін жапқандарға заңның қатысы жоқ. Бұдан бөлек жаңа нормаға сәйкес жүргізуші куәлігінен айырылған адам енді электр самокатты да жүргізе алмайды. Оны жалға беретіндерге де жауапкершілік күшейеді. Енді әрқайсысының тіркеу номері болуы тиіс.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Президентіміз жолдауында заң мен тәртіп қағидаты мемлекетіміздің мызғымас түғыры деп айрықша атады. Қаралған заңдардың басты мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алуда адам құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16