Оралда екі базар жабылады
Оралда екі базар жабылады. Өйткені бірінің қызметі заманауи талапқа сай келмейді. Ал екіншісінің жері сатылып, жаңа жылдан бастап жұмысын тоқтатады. Қазір қаладағы 14 базар қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Яғни сырттағы темір контейнерлердегі жабайы сауда орындары замануи ғимаратқа көшірілуі керек. Сауда орындарында сатушыға да, тұтынушыға да барлық жағдай жасалуы тиіс. Шаһардағы «Айгүл» мен «Өнім» базарларын жаңғырту кестеден кешігіп жатыр. Ал төрт базарда жаңа ғимараттар салынып, құрылысы жалғасуда.
Эльмира Қиматова, облыстық сауда және тұтынушы құқығын қорғау департаментінің
басшысы:
Модернизацияның ең бірінші талабы – сыртта ашық аспан астында сауда қатарларында жүргізілген қызмет дұрыс емес. Сауда кәдімгі үлкен ғимараттарда өткізілуі керек. Қазір «модернизацияны өткізбеймін» деп отырған «Тұлпар» базары. Ал «Мерей» базарының иесі оны сатып жатыр. Бұл тек жыл аяғына дейін жұмыс істейді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17