Мемлекет басшысы Жапониядағы қазақтармен кездесті
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті. Олардың көбі сонда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүргендер. Отандастармен тілдескен Президент Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты. Сондай-ақ бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беретінін және жапон тарапы да бұған үлкен мән беріп отырғанын жеткізді. Отандастарымыз арасынан Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов, ARIA Consulting негізін қалаушы Арайлым Хасан, Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті Әбдібек Қалибек сөз сөйлеп, өздерінің Күншығыс еліндегі жетістіктерімен бөлісті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев оларға табыс тіледі.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18