Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспарына сәйкес мониторинг жүргізудің 5-раунды аясында атқарылған жұмыстар талқыланды. Отырыста уәкілетті органдардың өкілдері халықаралық озық тәжірибелерді енгізу арқылы еліміздің құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Жиын соңында Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспары аясындағы ұсынымдарды жан-жақты пысықтау маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы