Алматыда шағын және орта бизнесті қолдауға 66 млрд теңге бөлінеді
Биыл Алматыға 1,9 трлн теңге инвестиция тартылған. 500 млрд теңгеге 12 жоба іске қосылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Шаһар басшысы 2030 жылға қарай қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 65%-ға дейін артады деп отыр. Сондай-ақ алдағы 5 жылға арналған қаланы дамыту жоспары бекітіліп жатыр. Толығырақ Айдана Қуантхан тарқатады.
Айдана Қуантхан, тілші:
Алатау баурайында орналасқан Алматы экономикасының негізгі тірегі – шағын және орта бизнес. Осылай деген қала әкімі Дархан Сатыбалды брифингте алдағы жылға арналған басты бағыттарды таныстырды. Оның айтуынша, кәсіпкерлік сала қаладағы жалпы өңірлік өнімнің 60%-ын қамтамасыз етіп, жергілікті бюджетке қомақты кіріс әкелді. Ал келесі жылы бұл саланы қолдауға 66 млрд теңге бөліну жоспарланған.
Дархан Сатыбалды, қала әкімі:
Белсенді жұмыс істеп тұрған қаланың шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 387 мыңға жетіп, өндірілген өнім көлемі 21%-ға өсті. 2025 жылы 1 мыңнан астам шағын және орта бизнес жобасын қолдау үшін бюджеттен 50,8 млрд теңге бөлінді.
40-қа жуық шағын өнеркәсіптік парк ашылады
Айдана Қуантхан, тілші:
Қала әкімінің бастамасымен арнайы салық мөлшерлемесі 4-тен 3%-ға дейін төмендетілді. Бұл шағын және орта бизнестің мүмкіндігін арттырады. Ал алдағы жылдары 40-қа жуық өнеркәсіптік парк ашылады деп жоспарланып отыр. Соның арқасында 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ биыл шаһарда 500 млрд теңгеге 12 жоба іске қосылған.
Дархан Сатыбалды, қала әкімі:
Экономиканың дамуы салық түсімдерінің тұрақты артуымен қатар жүруде. 2025 жылы 11 айда жергілікті бюджетке 1 трлн 970 млрд теңге түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға жоғары. Қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. 2025 жылы Алматыда 92 мың жұмыс орны құрылды, оның 87%-ы – тұрақты жұмыс орындары.
22 мектеп пайдалануға берілді
Айдана Қуантхан, тілші:
Қала басшысы шаһар экономикасының өсіміне ең көп үлес қосып жатқан құрылыс, көлік, туризм, өңдеу өнеркәсібі екенін атап өтті. Десе де әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Мәселен, биыл 38 мыңға жуық оқушыға арналған 22 білім беру нысаны салынған. Нәтижесінде мектептерде орын тапшылығы едәуір азайды. Алдағы уақытта 16 балабақша пайдалануға берілмек.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталды
19.01.2026, 20:40
Таразда оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
19.01.2026, 20:37
Павлодарда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы ашылды
19.01.2026, 20:35
Робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасады
19.01.2026, 20:33
Жамбыл облысында шекарада мобильді инспекциялық-тексеру кешені іске қосылды
19.01.2026, 20:31
Шымкентте 75 адамның мүгедектік туралы құжаттары күмән тудырды
19.01.2026, 20:28
Суперкомпьютер не үшін қажет?
19.01.2026, 20:24
ЖИ туралы заң толық күшіне енді
19.01.2026, 20:21