Елімізде «Ecoqolday» бағдарламасына тіркелген кәсіпкерлер саны көбейген
Елімізде «Ecoqolday» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлердің саны артып келеді. Жыл басынан бері бұл бастамаға 76 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардың басым бөлігі қалдықтарды жинау ісімен айналысса, өзгелері сұрыптау, өңдеу және толық циклді өндірісті жүзеге асырады. Бағдарлама аясында 51 мың тонна қалдық жиналып, сұрыпталып, өңдеуші кәсіпорындарға жіберілген. «Жасыл даму» акционерлік қоғамының өкілі аталған саладағы кәсіпкерлерге қаржылай қолдау тетіктері жүйелі түрде іске асырылып жатқанын айтты.
Әлімжан Сәбденов, «Жасыл Даму» АҚ қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаментінің менеджері:
Кәсіпкерлерге шамамен 830 миллион теңге қаржылай көмек жіберілді. Өздерінің жұмыстарын көрсетеді. Бағдарламамызда толықтай қалай жинады, өңдеушіге қалай жіберді, сол жұмыстарын көрсетіп, келесі айдың 15-не дейін «Жасыл Даму» АҚ-ға есеп жібереді. Егер де есепте барлығы дұрыс болып, нақтыланып, дәлелденсе, біз өз тарапымыздан қаражат жібереміз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13