Дәрігерлерді қорғау: Мәжіліс заңды мақұлдады
Дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжіліс тиісті заңды екінші оқылымда мақұлдады. Медицина қызметкеріне күш қолданамын деп қорқытса, 300 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі. Тіпті 2 жылға қамалуы мүмкін. Бұл денсаулыққа зиян тигізбеген жағдайда. Ал жарақат келтірсе, 3-7 жылға, өмірге қауіп төндірсе, 7-12 жылға сотталады. Соңғы 5 жылда 300-ге жуық медицина маманына шабуыл жасалған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тек жыл басынан бері 14 қылмыстық іс тіркелген.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бірінші оқылымнан кейін заң жобасы қосымша пысықталып, өзгерістер енгізілді. Біріншіден, қорқыту мен зорлық-зомбылықты бөлек пункттерге ажыратып бердік. Жай ғана қорқытып, эмоциямен сөз айту емес, қолына балта, пышақ алса, оны қорқыту деп есептейміз. Ал үлкен кісі балағат сөз айтса, ол тек эмоция. Мұндай нюанстарды тергеушілер ескереді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17