Семей жастары қоршаған ортаны ластамауға үндеді
Семейде «Менің қалам – менің жауапкершілігім» атты экологиялық акция өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында жастар ресурстық орталығының мамандары қала тұрғындары арасында насихат жүргізді. Аулаларды аралап, қоршаған ортаны қорғау мен азаматтық жауапкершілікті арттыруға үндеді. Қоғамдық орындарды ластамау, көпшілік жерлердегі тазалыққа мән беруге үндейтін үнпарақтарды таратты. Ғимараттар мен аялдамаларға ақпараттық плакаттар жапсырды. Жастар түрлі эко акцияларды жыл бойы жалғастыра бермек.
Ботагөз Мұратқызы, облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы:
Жастар ресурстық орталығының мамандары тұрғындармен тікелей байланыс орнатты. Эковолонтерлердің қатысуымен 400-ден аса ақпараттық плакаттар таратылды.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17