Жетісу облысында жаңа спорт нысаны ашылды
Жетісу облысының Лепсі ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешені ашылды. Жаңа спорт нысанының басты ерекшелігі жанында 244 балаға арналған жатақханасы бар. Құрылысқа 3,4 млрд теңге бөлінген. Жатақхана толық заманауи құралдармен жабдықталған. Қазір мұнда 160-қа жуық бала білім алып, жаттығып жүр. Олардың қатарында өзге өңірлерден келген оқушылар да бар. Ауыл тұрғындарының қуанышын еселеуге еліміздің мақтанышына айналған Олимпиада жеңімпаздары мен қазіргі күні байрақты бәсекелерде Қазақстан намысын қорғап жүрген атақты спортшылар қатысты.
Ермахан Ыбраймов, Олимпиада чемпионы:
Сөз жоқ, бүгін керемет мейрам. Жетісу облысы үшін бүкіл Қазақстан үшін керемет мейрам. Егемендіктің қарсаңында осындай керемет залдар ашылып жатыр. Күрес залы, ойын залдары, бокс залы. Мына бокс залдың өзінің көлемін байқап отырсыздар ма? Бұл жерде Қазақстан чемпионатын ұйымдастыруға болады. Сондықтан бұл өңірден чемпиондар шығатынына кәміл сенемін.
Дархан Балтабай, Лепсі спорт-интернатының оқушысы:
Осы жақта чемпион болып өнер көресетеміз деген ойдамыз. Күреспен айналысып келе жатқаныма сегіз жыл болды. Өте жақсы бәрі. Жатақханасы, төсек-орындары, жаттығу істейтін жерлеріміздің бәрі әдемі.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03