Жамбыл облысының Жаңасаз ауылына таза су тартылды
Бүгін Жамбылдағы Жаңасаз ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізді. Ақпан айында елді мекенде су құбыры желілерінің құрылысы басталған болатын. 4 айда тіршілік нәрін тасымалдайтын нысанның жұмысы толық аяқталды.
Бұған дейін тұрғындардың біразы суды көрші-қолаңнан тасып,
кейбірі сатып ішуге мәжбүр болды. Енді жаңа желі арқылы тіршілік көзі тоқтаусыз
ағып тұр. Айта кетейік, биыл аймақта Президенттің 100 пайыз сапалы ауызсумен
қамту туралы тапсырмасына сәйкес 14 млрд теңгеден астам қаржы қаралды. Оған 24
елді мекен және 9 тұрғын алқабында құрылыс жұмысы жалғасып жатыр.
Гүлжазира Нүсепбаева, Жаңасаз ауылының тұрғыны:
Биылғы жылдары жерасты суы таусылып, қолдан тағы да құдықтар қаздырып алғанбыз. Енді сусыз болмайды ғой. Екі айдай шамамен қиналдық. Кімде бар содан әкеліп тасып, ішіп жүрдік. Енді тоқтамайды деп ойлаймыз. Осы суды енді пайдаланамыз. Рахмет сіздерге. Үкіметке рақмет, бізге осындай мүмкіндік жасап беріп отырған.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09