Ақтөбеде Ұлыбританиялық беделді университеттің оқу-зертханалық ғимараты салынып жатыр
Ақтөбеде Ұлыбританиялық «Херриот Уатт» университетінің жаңа оқу-зертханалық ғимараты салынып жатыр. Бүгін Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мен аталған білім ордасының вице-канцлері Ричард Уильямс естелік тақтасының ашылу салтанатына қатысты.
Ақтөбедегі кампус Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылы ашылған еді. Техникалық бағытта білім беретін университетте қазір 500-ден астам студент білім алып жатыр. Болашақ инженерлерге қазірдің өзінде ірі компаниялар қызығушылық танытып отыр. Университет жанындағы жаңа оқу ғимараты келесі жылы тапсырылуы тиіс. Үш қабатты нысан заманауи техникалармен жабдықталады. Университет қазір «Электр энергетикасы», «Компьютерлік инженерия» және «Мұнай инженериясы мен энергия менеджменті» бағыттары бойынша білім береді. Шотландия, Дубай, Малайзиядан келген білікті оқытушылар дәріс оқиды.
Гүлзат Көбенова, Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
Келешекте бұл бағдарламаны аяқтаған мамандар сұранысқа ие болады деп сенеміз. Себебі бүгінгі күні тек Ақтөбе өңірінің балалары емес, еліміздің 12 өңірінен балалар келіп, білім алып жатыр. Алдағы уақытта Қазақстаннан және шетелдерден де келеді деген үміттеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы