Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды. Соның аясында Каспий теңізінде арнайы тор қоршамаларда албырт балығы өсіріле бастады. Жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру, аквашаруашылықты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай балық өсіру фермасының жұмысымен танысты.
Жоба - Құрық портынан 20 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің акваториясында жүзеге асырылуда. Теңізге диаметрі 120 метр ал, тереңдігі 25 метрлік норвегиялық тор қоршамалары орнатылған. Балықтар соның ішінде табиғи ортада өсіріледі.
Арман Молдашев, облыстық Балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
Бұл жоба - Каспий теңізінде тор қоршамада албырт тұқымдас балығының шабағын өсіру, ал 2026 жылы соның тауарлық өнімін алу. Бұл Қазақстанда және Орталық Азиядағы алғашқы үлгілі жобалардың бірі. Бүгін 30 мың дана албырт тұқымдас балығының шабақтары жіберілді.
Бұған дейін де тор қоршамаға 30 мың дана шабақ жіберілген болатын. Жоба аясында келесі жылы - 300 тонна, ал 2029 жылға қарай жылына 5 мың тоннаға дейін балық өндіру жоспарланған.
Нұржан Марабаев, «Semurg Invest» ЖШС бас директоры:
Теңіз торларына 60 мыңнан астам шабақ жіберілді. Қазір шамамен 12 тонна балық жиналды. Біз Қазақстанда жаңа индустрияның пайда болғанына куә болып тұрмыз. Бұл Каспий теңізінде жүзеге асырылып жатқан алғашқы теңіз аквашаруашылығы жобасы.
«МАЭК» кәсіпорнына 20 автобус берді
Сонымен қатар, облыс әкімі Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына заманауи 20 автобустың кілтін табыстады. Көліктер жұмысшыларға жайлы, салқындатқыш және жылыту жүйесімен, бейне бақылау камераларымен қамтылған. Су жаңа автобустар жергілікті бюджет есебінен сатып алынған.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталды
19.01.2026, 20:40
Таразда оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
19.01.2026, 20:37
Павлодарда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы ашылды
19.01.2026, 20:35
Робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасады
19.01.2026, 20:33
Жамбыл облысында шекарада мобильді инспекциялық-тексеру кешені іске қосылды
19.01.2026, 20:31
Шымкентте 75 адамның мүгедектік туралы құжаттары күмән тудырды
19.01.2026, 20:28
Суперкомпьютер не үшін қажет?
19.01.2026, 20:24
ЖИ туралы заң толық күшіне енді
19.01.2026, 20:21