Басты Жаңалықтар БҚО-да боранда ықтап кеткен 3 адамды іздеп жатыр

БҚО-да боранда ықтап кеткен 3 адамды іздеп жатыр

Батыс Қазақстан облысында екі күн бұрын боранда адасып кеткен 3 адам іздестіріліп жатыр. Өңірде боран басталғалы 11 адамға іздеу жарияланып, оның 8-і табылған. Ал Жәнібек ауданы Бұқар қыстағынан, Казталов ауданы Закария қыстағынан мал іздеуге шыққан 3 адам жоғалып кеткен. Құтқару-іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар бөлімдерінің барлық күш құрылымы, полиция, жергілікті әкімдік қызметкерлері, тұрғындар да жұмылдырылып жатыр. Полиция қызметкерлері боранды күндері жолға шығып, тұрып қалған жолаушыларға да жәрдемдесті.

Нұрбол Меңдіханов, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а.:

Жәнібекте мал іздеп, трактормен шығып кеткен екі азаматты таптық. Жеңіл автокөлік кюветке түсіп кеткен. Көру қашықтығы 50 метрден төмен болатын. Бір үйдің адамдарын шығарып, соларды алып шыққан болатынбыз.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысындағы блокбекеттерде бір түнде 200-ге тарта автокөлік жиналған. Ескертулерді елемеген жүргізушілер таңертең жол ашылған соң ғана жіберілді. Полицейлер мен құтқарушылар күшейтілген режимде қызмет атқарып, жолда қалған жолаушыларға қажетті көмек көрсетті. Ауа райы әлі де құбылмалы. Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабық. Күн райына байланысты өңірдегі 5 аудан мен Қосшы қаласындағы 131 мектептің 1,5 мыңға жуық оқушысы онлайн оқуға көшірілді.


Бөлісу