Қазақстан мен ЕуроОдақ ынтымақтастықтың 10 жылдығын қорытындылады
Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің қол қойылуына 10 жыл толуына орай Брюссельде салтанатты қабылдау өтті. Қазақстанның Бельгиядағы елшісі, ЕуроОдақ пен НАТО жанындағы миссия басшысы Роман Василенко он жыл ішінде стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Қос тарап сауда мен инвестицияны арттырып 29 сала бойынша ынтымақты күшейтуде. Былтыр өзара сауда айналымы 50 млрд долларды құрады. ЕуроОдақ «Транскаспий» көлік дәлізін дамытуға ниетті. Ресми бөлімнен соң кешке жиналғандар қазақстандық дизайнерлердің ұлттық нақыштағы сән үлгілерінің көрсетілімін тамашалады. Көздің жауын алатын ұлттық киімдер қазақстандық сәннің байлығы мен даралығын паш етті.
Эдуард Стипрайс, ЕуроОдақтың ОА бойынша арнайы өкілі:
Қазақстан ЕуроОдақпен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Осы келісімді бекіткеннен бері өзара тауар айналымы 50 пайызға өсті. Екіжақты қатынас саудадан бөлек, инвестиция, заңның үстемдік етуі, әділет, ішкі істер жіне өзге де салаларда қарқынды дамып келеді. Биыл Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы визалық рәсімді жеңілдету туралы келісім бойынша келіссөздердің басталғанына өте қуаныштымын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы