Басты Жаңалықтар Атырауда бүлінген ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр

Атырауда бүлінген ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр

Атырауда кеше қатты дауыл соғып, салдарынан ғимараттардың шатыры ұшты. Төтенше жағдай Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандарында және Атырау қаласында тіркелді. Көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар Атырау-Орал, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Бейнеу тас жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылған еді. Қазір жолдар ашық. Арнайы кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындарға жолда сақ болу туралы ескертіліп жатыр. Әкімдіктен техника бөлініп, жолдарға тұз себілді. Қатты жел Индер ауданы мен қаладағы 4 ауылдық округті тұтастай жарықсыз қалдырған еді. 105 нүктеде электр жарығының сөнуі тіркелген. Бұған 40 бригада жұмылдырылып, қазір жағдай тұрақталды. Бүлінген 20 нысанның қасбеттері мен шатырларын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Ал білім нысандары жедел штабтың шешіміне сәйкес бүгін онлайн форматқа ауысты.

Бөлісу