Басты Жаңалықтар Әйелдер көшбасшылығы мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған республикалық форум өтті

Әйелдер көшбасшылығы мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған республикалық форум өтті

Шымкентте Respublica партиясы және Re.Women қауымдастығының бастамасымен республикалық бизнес-форум өтті. Шара әйелдер көшбасшылығы мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталды. Оған еліміздің 10 өңірінен 300-ге жуық кәсіпкер қатысып, өзекті мәселелерді ортаға салды. Күн тәртібінде жаңа Салық кодексі аясында шағын және орта бизнестің мүддесін қорғау мен «оңайлатылған режимді» сақтау мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының шағын бизнесті қолдауға қатысты тапсырмалары да назарға алынды. Форум аясында кәсіпкерлер өз өнімдері мен қызметтерін таныстырған арнайы көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қорғауға бағытталған бірқатар заңнамалық ұсыныстар талқыланып, Мәжіліс деңгейінде қарастырылып жатқаны айтылды.

Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Re.Women деген қауымдастығымыз бар. Соған қолдау көрсету мақсатында оңтүстік өңіріндегі қыздарымыздың мүмкіндігі, олардың қандай қамқорлықта екендігі, қолдарынан не келетіндігі және тағы басқа біздің партия тарапынан үлкен көмек көрсетіп жатыр.
Бөлісу