Басты Жаңалықтар Жаңаөзенде бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Жаңаөзенде бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Маңғыстауда Жаңаөзен қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Оның бірі - Рахат ауылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 1200 орындық мектеп ашылды. Білім беру ұйымы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заман талабына сай салынған. STEM зертханалары, робототехника, инклюзивті білім беру стяқты 61 арнайы пән кабинеті жұмыс істейді. Келесі нысан - «Мұз айдыны» спорт кешені. Мұз аренасы аймақта қысқы спорт түрлерін дамытуға ықпал етпек. Мұнда хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек үйірмелері бар. Сонымен қатар, Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметін жандандыру үшін, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген 5 автокөлік пайдалануға берілді.

Қазына Таңатарова, жедел жәрдем қызметкері:

Жаңа көліктер келіп, жұмысымызды жеңілдетіп жатыр. Біріншіден, көлік ыңғайлы және жаңа аппараттар ұстауға жеңіл. Ықшам әрі жылдам баруға ыңғайластырып жасалынған. Осы жедел жәрдемге ұсынылып жатқан көліктерміз құтты болсын. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзенге сапары барысында мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың үйлеріне барып, олардың талап-тілектерін тыңдады. Жауапты мемлекеттік органдарға азаматтардың сұранысы бойынша төменгі қабаттарға көшіру мәселесін шешуді және инватакси қызметін қолжетімді етуді тапсырды.


Бөлісу