Басты Жаңалықтар 170 мың тұрғын сапалы медициналық көмекке қол жеткізді

170 мың тұрғын сапалы медициналық көмекке қол жеткізді

Ал Қазақстанда соңғы 3 жылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 645 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде 170 мыңнан астам тұрғын медициналық қызметке қол жеткізді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды. Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, жыл соңына дейін тағы 10 медициналық нысанның құрылысы аяқталады. Бүгінде 32 аудандық аурухана көпсалалы орталық аурухана деңгейіне дейін жаңғыртылған. Соңғы жылдары медициналық мекемелерді күрделі жөндеуге шамамен 70 млрд теңге бағытталды. Жиында кадр тапшылығы мәселесі де көтерілді. Аида Балаеваның айтуынша, жаңа инфрақұрылыммен қатар білікті мамандарды тарту да маңызды. Бүгінде ірі қалаларда дәрігер жетіспейді, ал жаңа медициналық нысандардың іске қосылуы кадрға деген сұранысты одан әрі арттырып отыр. Осы ретте, вице-премьер халықтың сапалы медициналық көмек алуын қамтамасыз ету үшін барлық тетікті жан-жақты пысықтау қажеттігін атап өтті.


Бөлісу