Басты Жаңалықтар Енді зейнетақы қаржысы пластикалық ота жасауға берілмейді

Енді зейнетақы қаржысы пластикалық ота жасауға берілмейді

Зейнетақы қорындағы жинақты көз емдетуге тыйым салынғаннан кейін қаражатты пластикалық операцияға пайдаланатындар көбейді. Бұл туралы «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі айтты. Мәселен, бұрын пластикалық ота жасатуға орташа есеппен 16 өтінім ғана келсе, қыркүйекте 126, қазанда 1800-ден асты. Ал қарашада тіпті 4 мыңға жуықтаған. Аналитиктер бұл ақшаны заңсыз шешіп алудың кезекті схемасы деген болжам айтып отыр. Сондықтан бүгіннен бастап жинақ ақшасы пластикалық операция жасатуға да берілмейді.

Назерке Ғалым, «Отбасы банк» АҚ баспасөз хатшысы:

Ол реконструктивті және қалпына келтіру пластикалық операциялары. Бұл бағытқа, әсіресе операциядан кейінгі тыртықтарды түзету және туабіткен ақауларды коррекциялау үшін сұраныс артты. «Отбасы банк» мұндай өтінімдерге күрт өсімді байқады. Бұл бұрынғы айлық орташа көрсеткіштен 130 есе көп. Желтоқсан айындағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 миллиардқа жетті.

Қазір зейнетақы қорындағы қаржыны екі мақсатқа пайдалануға болады. Біріншісі - баспана алу үшін және жөндеу жұмыстарына. Сондай-ақ ипотеканы толық не жартылай өтеу үшін де алуға болады. Ал екіншісі - қымбат операциялар мен ем-дом ақысын төлеу үшін. Атап айтсақ, сирек кездесетін ауруларды емдеуге, радиохирургиялық процедураларға және протондық терапияға мұқтаж науқастар қордағы жинақты жұмсай алады.


Бөлісу