Президент: Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктері кеңейіп жатыр
Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктерін тиісті деңгейде кеңейтуге мүдделі. Қазір теміржол, порт, автожол инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Осылайша еліміз біртұтас транспорт жүйесін қалыптастыруға кірісті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ашхабадта өткен Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түркменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері көлік-транзит әлеуетін күшейтіп жатқанына да тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Еліміз Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуге белсенді атсалысуда. Мақсатымыз – орнықты логистика бағыттарын толық іске қосу. Ресей, Қытай, Иран, Түркия, Әзербайжан, Армения, Грузия және басқа да мүдделі мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен күш-жігер арқылы тұтас Еуразия кеңістігінде баршамызға тиімді заманауи көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз.
Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытайдың Ляньюньган портынан басталады. Пойыздар Қазақстан шекарасына Қорғас немесе Алашанькоу өткізу пункттері арқылы өтеді. Дәліздің келесі бөлігі Алматыдан Ақтаудағы Құрық портына дейін созылады. Ал Каспий теңізінен шыққан жүк паромдарды Әзербайжанның Баку портына жетеді. Әрі қарай Баку - Тбилиси теміржол бағытымен Грузияға өтеді. Келесі бағыт - Түркия. Ол жерден жөнелтілген жүк Еуропаның, соның ішінде Польшаның теміржол жүйесіне қосылады. Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктері ұлғайған сайын Қазақстанның экономикалық өсімі арта түседі дейді экономист.
Ләззат Жанмолдаева, экономист:
Транскаспий халықаралық қатынас жолы біздің еліміздегі ең әуелі, экономикалық жақсартуға оның ішінде солтүстіктегі Ресей мемлекеті арқылы өтетін логистикалық жолымыздың тәуелділігін азайту ғой ең бастысы. Сондықтан қазіргі таңда 2021 жылмен салыстырған кезде 3 есеге дейін табыс моляды деп есептеліп отыр. Оң жағын алатын болсақ, әрине тәуелділікті азайтып солтүстік жағына қарай, ал оңтүстік жақтағы инфрақұрылымды дамыту мен жаңа жұмыс орындарының экономикалық өсімге, оның ішінде диверсификацияланған экономикаға қол жеткізуге мүмкіндік аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы