Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл шараға жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандар мен пробациялық есепте тұрғандар қатысты. 15 мекеме 130-ға жуық жұмыс орынын ұсынды. Мамандар екі қолға бір күрек іздеген жандармен жеке-жеке пікірлесуге мүмкіндік алды. Жәрмеңкеде өрт сөндіруші, ағаш ұстасы, полиция қызметкері мен кітапханашыларға сұраныс көп екені байқалды. Сондай-ақ дәнекерлеуші, жүргізушілер мен мұғалімдерге де бос орын жеткілікті. Облыста жыл басынан бері осындай 139 шара өткен. Нәтижесінде 814 адам қызметке орналасты. 290 тұрғын қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Электронды еңбек биржасында өңір бойынша 1700-ге жуық бос жұмыс орны жарияланған.
Әсем Жолмұратова, жұмыспен қамту секторының меңгерушісі:
Қазір бізде мұғалімдік, білім саласынан жұмыс қарастырып көп келеді. Информатика пәнінің, математика пәнінің мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті сияқты мұғалімдікке. Сосын мұнай саласынан жұмыс қарастырады ер азаматтар.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16