Елдегі еріктілер 300 мыңға жетті
Елде жыл сайын еріктілер қатары артып келеді. Биыл волонтерлік ұйым саны 800-ден асып, белсенділер қатары 300 мыңға жеткен. Президент бастамасымен құрылған волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Толығырақ тілші бейнематериалында.
40 жылдан бері волонтер болып келе жатқан павлодарлық тұрғын бүгінде 72
жаста. Дәл Сәуле Тахметовадай Қазақстанда 8 мың «күміс волонтер» бар. Яғни, жасы
60-тан асқан еріктілер осы санатқа жатады. Олардың атқарып жатқан игі істері
орасан. Мәселен, қыстың аязды күні коммуналдық қызметкерлерге бауырсақ пен
ыстық шай ұсынады. Өңірді таза ұстауға, көмекке мұқтаж жандарға қолғабыс болуға
атсалысады.
Сәуле Тахметова, волонтер:
Біз «күміс волонтерлер» жасым келді деп жатпаймыз. 60-70-тен ассақ та, осы өңірдің бір мүшеміз. Сондықтан қоғам өміріне белсенді араласып, жастарға өнеге көрсету міндетіміз. Әр жанға көмегім тиген сайын бақытқа бөленемін. Мен ол адамға қайырымдылық жасадым деп емес, ол керісінше маған жақсылық жасады деп ойлаймын. Өйткені сол істің арқасында мен мейірімді бола түстім.
Ал қарағандылық Зият 14 жасынан бері белсенді, пандемия кезінде волонтер
болуды бастаған. Содан бері елге ерікті түрде көмек көрсетуден қол үзбедім дейді.
Қазақстандықтар су тасқынынан зардап
шегіп жатқанда алғашқылардың бірі болып, Қарағанды жастарымен бірлесіп, гуманитарлық
көмек жіберуге кіріскен. Ал бүгінде қаланың қарттарына түрақты түрде жәрдем
береді.
Зият Сәдуақасов, волонтер:
Жүріп-тұруы қиын қарияларға көмектесіп, атсалысып тұрамыз. Күнделікті сыртқы шаруаларға, қар тазалау сияқты жұмыстарға үлкен көмек жалғастырудамыз. Бұл шаралар аясында бізге ең жақсысы – қарттардың батасын алу, ризашылығын білдіруі.
Елімізде еріктілер қозғалысы жыл сайын дамып келеді. Мәселен, биыл
волонтерлік ұйым саны 800-ден асып, белсенділер қатары 300 мыңға жеткен.
Сондай-ақ елде қазір qaz.volonter.kz сайты жұмыс істейді. Осы жылы сол сайтқа келіп түскен 2800 өтініш
қаралып, шешімін тапты.
Ақниет Балтанова, тілші:
Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы, Президент бастамасымен ТМД волонтерлер форумы құрылды. Алғашқы басқосу келер жылы өтпек. Сондай-ақ елде еріктілер жазғы мектебі жұмыс істейді. Биыл сол мектепті 188 түлек тәмамдаған.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сурдоспортшылар мен прокурорлар футзалдан жолдастық кездесу өткізді
12.12.2025, 17:41
Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау науқаны басталды
12.12.2025, 17:40
Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
12.12.2025, 17:39
Қостанай облысының Фрунзе ауылында жаңа балабақша ашылды
12.12.2025, 17:37
Ерлан Қарин: Киіз үй – әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі
12.12.2025, 17:35
Күштік құрылымдар арасында кибертурнир басталды
12.12.2025, 17:32
Жамбыл облысын ауызсумен қамтуға ₸15,4 млрд бөлінді
12.12.2025, 17:27
«Тайм» журналы ЖИ негізін қалаушыларды «Жыл адамы» деп атады
12.12.2025, 17:24