Алматыда пойызда 53 адам уланып қалды
Алматы-2 теміржол вокзалына келген пойызда 53 адамға иіс тиіп, уланып қалды. Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабы, яғни еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ал зардап шеккендердің 12-сі – 5 пен 15 жас аралығында балалар. Қазір 15 жастағы екі жеткіншек жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы айтты. Дәрігерлердің айтуынша, шақырту түскен бойда оқиға орнына жедел жәрдемнің 13 бригадасы жіберілген. Зардап шеккендер қалалық стационарлардың қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, бірден медициналық көмек көрсетілген. Ал қалған науқастар қажетті көмек көрсетілген соң тұрғылықты жеріндегі амбулаторлық емге жіберіліпті. «Қазақстан темір жолы» компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, улану «Алматы-2» вокзалына келген пойызда болған. Компания бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты. Өйткені пойыз жеке компанияға тиесілі. Ал вагондар фильм түсіру үшін киностудияға берілген екен.
Құрметбек Тоқтар, қалалық Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы директорының орынбасары:
Олар бүгін таңертен кинофильм түсіру кастингінде болған. Кастинг барысында балаларда бас айналу, жүрек айну, құсу, есінен тану шағымдары мазалаған. Тоғыз баланың жағдайы орташа ауырлықта болды. Олар токсикология бөлімшесінде ем алып жатыр. Бір баланы ата-анасы ауруханадан бас тартып, үйіне алып кетті. Қазіргі таңда балалар толық ем алып жатыр. Дәрі-дәрмек бәрі бар. Клиникалық диагноз қою барысында анықталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы