Басты Жаңалықтар Ақпаннан бастап балабақшаларға тексерістер ескертусіз жүргізіледі

Ақпаннан бастап балабақшаларға тексерістер ескертусіз жүргізіледі

Қазақстанда 1 ақпаннан  бастап барлық балабақшаларға тексерістер ескертусіз жүргізіледі. Бұл Білім туралы заңға енгізілген өзгерістер аясында іске аспақ. Бұған дейін жеке меншік балабақшаларға тексеру Кәсіпкерлік Кодекс аясында, ата-ана тарапынан шағым болған жағдайда ғана жүргізілетін. Оның өзінде алдын ала ескерту арқылы. Енді әлеуметтік желілерде шыққан келеңсіз жағдайлар болсын, ата-ана тарапынан түскен арыз-шағым болсынминистрлік өкілдері өзінің бұйрығымен бірден барып тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Майра Мелдебекова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:

Бұл жерде ең бастысы баланың құқығы сақталуы керек. Сондықтан біз кез келген сұрақ бойынша барып, тексеріс жасайтын боламыз.

Сондай-ақ, 2027 жылдың қаңтар айынан бастап меншік нысанына қарамастан барлық балабақшаларға лицензиялау енгізіледі. Министрлік бұл мәселені ерекше бақылауына алып отыр. Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәсіпкер балабақша ашқан кезде әкімдік пен министрліктің аумақтық департаменттерін хабардар етуге міндетті. Қазіргі уақытта білім беру сапасын арттыру мақсатында балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтілуде және осыған сәйкес заңға өзгерістер енгізіліп отыр. Айта кетейік, бүгінде елімізде 12 мыңға жуық балабақша бар, оның 60 проценті жекеменшік.

Бөлісу