Ғылыми зертханалардың инфрақұрылымын күшейту маңызды
Елімізде ғылыми орталықтардың жұмысын арттырып, зертхана инфрақұрылымын күшейту маңызды. Әсіресе заманауи технологияларға негізделген тәжірибе алаңын көптеп ашу керек. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан жас ғалымдардың конгресінде халықаралық ғылыми орталықтарда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған отандық жас ғалымдар айтты. Шарада жүзден аса үздік жас зерттеуші баяндама жасады. Конгресс жұмысының нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар жинақталып, қарар қабылданады, дейді ұйымдастырушылар. Жиынға 1000-нан аса жас ғалым қатысып, соның ішінде шетелде жұмыс істеп жүрген ізденушілер сөз сөйледі. Солардың бірі –Мұхит Құлмағанбетов. Ол Канада мен Гонконгтағы кванттық оптика зертханаларында офтальмологияға арналған жаңа технологияларды әзірлеуге қатысып, көрсоқырлықтың алдын алуға бағытталған инновациялық шешімдерді зерттеп жүр.
Мұхит Құлмағанбетов, Гонконгтың көз және көру ғылыми зерттеу орталығы зертханасының меңгеруішісі, дәрігер-офтальмолог:
Кванттық зерттеулер үшін зертхананы құрастыруға үлкен қаражатқа келіп соғады. Біріншіден қаржыландыру, екінші жағынан инфрақұрылым. Ол жерде ғылыми саябақта жұмыс істейміз. Ол жерде тек біз ғана емес басқа да әлемнің топ 100 университеттерін шақырып жағдай жасайды. Қаржыдан бөлек адами ресурстарды қамтыған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы