Павлодарда сотты болған 10 адам білім саласында жұмыс істеген
Павлодарда бұрын сотталған 10 адам облыстық білім саласында жұмыс істеген. Анықталысымен олар дереу жұмыстан шығарылды. Сыбайлас жемқорлықты тоқтатуға арналған форумда жоғары оқу орындарындағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге қатысты да біраз дерек жария етілді. Мәселен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент екі университетте 20-ға жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екендігін анықтаған. Қазір мамандар осыған қатысты сараптама жүргізіп жатыр.
Мадияр Әбілдин, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департамент басшысы:
Анықталған деректер сыбайлас жемқорлықтың орын алуына ықпал етуі мүмкін деп отырмыз. Нақты қорытындысы сараптамадан соң белгілі болады. Бүге-шігесі толық зерттеледі. Себебі жемқорлықтың алдын-алуға әрекет жасауымыз керек. Кінәлі адам жазаланады.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16