«Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы спорттық сайыс өткізді
Елорда мектептерінің бірінде «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы Тәуелсіздік күніне орай спорттық сайыс өткізді. Патриоттық клуб осыдан төрт ай бұрын шекара қызметі, шекара ардагерлері мен мектеп арасындағы өзара келісімі аясында құрылған. Оның құрамында әзірге 16 оқушы бар, олар өздерінің білімін, физикалық дайындығын дәлелдеу арқылы іріктелді. Сайысқа қатысқан клуб мүшелері қатарластарымен бірге күш-жігерін, төзімділігін, командалық рухын көрсетті. Алдағы уақытта білім ошақтарында осындай әскери-патриоттық клубтарының аясын кеңейту көзделген. Бұл шара жас өрендердің патриоттық санасын қалыптастыру, елге қызмет етуге даярлығын арттыру және мемлекеттік құндылықтарға құрмет сезімін дамытуға бағытталған, дейді ұйымдастырушылар.
Жанар Кемел, ҰҚК Шекара қызметі әскери патриотттық басқармасының офицері:
Қазіргі таңда балалар күнделікті шекара қызметін көріп жатыр, сыныптан, қалашықтан көріп жатыр. Офицерлер сабақ өткізіп жатыр. Менің ойымша, келешекте олар отанын адал қорғайтын офицер болады деп үміттенеміз.
Жеңіс Әбенов, запастағы полковник:
Шекарашы ғана емес, еліміздің қорғанысы болатын өрендерімізді дайындауға, баулуға ат салысудамыз. Ол шекарашы бола ма, ол ұшқыш бола ма - болашақ көрсетеді. Біздің басты мақсат – отансүйгіштікке, әскери бейімділікке үйрету.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан халықты жұмыспен қамту деңгейі бойынша топ-30 елдің қатарына енді
17.04.2026, 11:39
ПД: Интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
17.04.2026, 11:36
Жетісу облысында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
17.04.2026, 11:34
Австралияның ең ірі мұнай зауытында өрт тұтанды
17.04.2026, 11:33
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 11:31
Петропавл қаласында жағымсыз иіс тарап, ауа сапасы күрт нашарлады
17.04.2026, 11:29
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
17.04.2026, 11:28
Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
17.04.2026, 11:26