Басты Жаңалықтар Қостанайда сотталғандар жұмыс істейтін өндіріс орны ашылды

Қостанайда сотталғандар жұмыс істейтін өндіріс орны ашылды

Қостанайда №38 түзету мекемесі маңынан өндірістік ғимарат ашылды. Жаңа нысан мемлекет басшысының сотталғандарды еңбекке тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асты. Мұнда жазасын өтеушілер жиһаз, құрылыс панельдері мен тастөсемдер сынды түрлі өнімдерді дайындайды. Барлығы 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл олардың кәсіби дағдыларын күшейтіп, бостандыққа шыққаннан кейін жұмыс табуына мүмкіндік береді. Жалпы, бүгінде облыста 2 мыңға жуық адам түрлі қылмысы үшін қамауда отыр. Олардың 400-ден астамы еңбекпен қамтылған.

Нұрболат Бөстекбаев, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы:

Алдағы уақытта негізгі мақсатымыз – мекеме аумағындағы сотталғандардың жұмыспен қамту әлеуетін 80 пайызға дейін көтеру кем дегенде. Қазіргі таңда бұл мекемеде 450-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Жалпы, мекеме аумағында 20 жеке кәсіпкер, 4 ЖШС өз жұмыстарын атқаруда.


Бөлісу