БҚО-да ұялы байланыс операторларына ₸38 млн айыппұл салынды
Батыс Қазақстан облысында ұялы байланыс операторларына 38 млн теңге айыппұл салынды.
Өйткені кей аумақтарда интернет желісі мен байланыс сапасы нашарлаған. Жалпы, облыста 405 ауыл болса, солардың 85%-ы интернет желісімен қамтылған. Биыл байланыс операторлары Орал, Ақсай қалалары мен 30 елді мекенде жаңа базалық станциялар орнатып жатыр. Сондай-ақ 225 ауылда қолданыстағы станцияларды жаңарту жоспарланған. Мамандар қала мен ауыл-аймақта ұялы байланыс қызметінің сапасын тексерген. Байланыс операторларына сараптамалық ақпарат жолданып, қызметті жақсартуға ұсыныс берілген.
Нұрғиса Камашев, облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:
21 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде байланыс операторларына 38,2 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Оның ішінде Beeline, яғни «Кар-Тел» компаниясына 26,4 млн теңге, Tele2/Altel компанияларына 11,8 млн теңге.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17