Ақтөбе облысында көпірге жасалған жөндеу жұмысы сапасыз жүргізілген
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданына қарасты Тереңсай ауылының жанындағы көпірге жасалған жөндеу жұмысы сапасыз жүргізілген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 2023 жылы қойылған су реттеу қондырғысы бір жыл бұрынғы су тасқынына төтеп бере алмаған.
1969 жылы пайдалануға берілген су қоймасы 300 мың текше метр су жинауға қауқарлы. Тасқыннан кейін 120 миллион теңгеге нысанды қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізілген. Алайда ол да сапасыз орындалған, дейді тұрғындар. Бөгет жиегі бетондалмаған, шлюз талапқа сай емес.
Нұрлыбек Әлменов, ауыл тұрғыны:
Бұлардың істеп жатқанының бір тиынға да қажеті жоқ. Және бөлінген ақшадан алып тұрған ештеңелері жоқ. Тастың бәрі осы ауылдың іргесінде жатқан тастар. Саздың бәрі ауылдан алынған, 1–2 км жерден. Материалдары, темір-терсек те осы жерден. Бір жақтан құрал, ештеңе әкелген жоқ.
Жауаптылардың айтуынша, жұмысты сапасыз орындаған мердігер мекеме сотқа тартылған. Одан кейін бөгет қайта қалпына келтірілді. Ал тұрғындар талабы — екі шлюздің бірін алып, орнын бетондау.
Алайда мамандар мұнымен келіспейді. Өйткені көктемде су деңгейін реттеу қажет.
Бекболат Нұрашев, облыстық табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы:
Шлюзді ашпау талабы қойылып отыр. Технология бойынша ол болмайды, өйткені қауіпсіздік бірінші кезекте. Егер суды ағызбасаң, бөгет бұзылып кетуі мүмкін. Бөгет бұзылса, жақын тұрған елді мекенді су басу қаупі бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы