Өзбекстанда тандыр бұзуға пәрмен бергендер сөгіс алды
Өзбекстанның Әндіжан облысында жергілікті билік өкілдері самса пісіретін тандырларды бұзған. Мұндай шара экологиялық рейд кезінде орын алған. Алайда ауаны ластағандармен күрес жүргізушілердің әрекеті заңсыз деп танылып, тандырларды бұзуға пәрмен берген әкім сөгіс алды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ауыр техниканың тандырларды қиратып жатқанын көруге болады. Кейін анықталғандай, қаладағы үш кәсіпкердің мүлкіне зақым келген. Мәселеге жедел түрде бизнес-омбудсмен араласты.
Ресми мәлімдемеде: «Мемлекеттік органдар кәсіп иесінің құқығын бұзбауы керек, кез келген әрекет тек соттың немесе уәкілетті органның қаулысымен ғана рұқсат етіледі» делінген.
Айта кетейік, көрші елде экологиялық ахуал ушығып, ауаны ластайтын ірі кәсіпорындар мен жылыжайлардың жұмысы жіті тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы