Маңғыстаулық белсенділер біліктілігін арттырып жатыр
Астанада Маңғыстау облысының белсенді азаматтарына арналған «Көшбасшылар керуені» жобасы басталды. Қатысушылар үш күн ішінде мемлекеттік органдардың жұмысымен танысып қана қоймай, өңірдің дамуына қатысты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасады. «STUDY TOUR» бағдарламасы аясында қоғамдық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері оқудан өтеді. Сонымен бірге, көшбасшылық, коммуникация және құқықтық дағдылар күшейеді. Делегация құрамында 15 қатысушы бар. Олар облыстық кезеңде 50 адамның арасынан іріктеліп алынған. Жоба облыстық Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Маңғыстау облысы Азаматтық альянсы» ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр.
Әділет Әбішаев, Жаңаөзен қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, кәсіпкер:
Өзіміздің ойымызда елге, халыққа пайдамызды тигізейік деп жүрген жобаларымызды іске асыру мақсатында, яғни сұрақтарымызды профессорлармен, академиктермен ақылдасып, жобаларымызды таныстырып,ақыл-кеңестерін алдық. Үлкен нәтижелі сабақ болды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13